Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 23 мамырда Өскемен жоғары политехникалық колледжінде энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жабылу салтанаты өтті.

Конкурсты бағалауға «Силумин Восток»  ЖШС, «БіріккенЭнергоСервистік Компания» АҚ қызметкерлері сарапшы ретінде қатысып, жоғары кәсіпқойлықтарын танытты.

 Қатысушылардың жұмыстары халықаралық WorldSkills стандарттарына сәйкес CIS жүйесі арқылы бағаланды.

Конкурс қорытындысы бойынша «Алтын медаль» – Алматы қаласы, «Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжі» КМҚК аға шебері Садакбаев Бекторе Султангалиевич;

«Күміс медаль» – Павлодар облысы, «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК өндірістік оқыту шебері Граф Леонид Владимирович;

«Қола медаль» - Астана қаласы, «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК аға шебері Токсанбаев Медет Көшербайұлы;

«Қола медаль» – Ақмола облысы, «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК өндрістік оқыту шебері Кульшарипов Данияр Маратович иеленді.

«Үздік маман» номинациясының иегерлері:

 Батыс Қазақстан облысы «Бөрлі колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері Беков Еламан Асылбекуғлы;

Қарағанды облысы, «Абай Құнанабаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Блок Вячеслав Викторович;

Шығыс Қазақстан облысы, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері Манышев Медет Карымбекович;

Жамбыл облысы, «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК шеберхана меңгерушісі Қойшыбай Жасұлан Шыңғысұлы;

Алматы облысы, «Шелек политехникалық колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері Нұрмұхан Нұржан Советжанұлы;

 Жетісу облысы, «Ақсу агротехникалық колледжі» ШЖҚ МКК арнайы пән оқытушысы Жаксылыков Руслан Бимуханович.

  Конкурс қорытындысы бойынша грамоталар мен демеуші «БіріккенЭнергоСервистікКомпаниясы» АҚ естелік сыйлықтар табысталды.

Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ номинация иегерлеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Грамоталары табысталатын болады.

Конкурсқа қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдірген барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кәсіби қызметтерінде толағай табыстар тілейміз!