ШҚО ТжКБ жүйесінің үздік педагогін анықтау
Жыл сайын озық мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, педагогикалық тәжірибені тарату және педагог еңбегінің беделін арттыру мақсатында «Үздік педагог» республикалық конкурсына қатысу үшін аймақтық деңгейде іріктеу жүргізіледі. ШҚО кәсіптік білім беру орталығы конкурстың іріктеу кезеңіне қатысу үшін өтінімдер мен құжаттарды қабылдайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес портфолионың мазмұнына бірқатар талаптар қойылады. Конкурсқа қатысушы - білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктерін, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелерін, оқушылардың дамуын, белгілі бір уақыт кезеңінде білім беру жүйесінің дамуына үлес қосуы тиіс. Педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды үнемі іздеуде жүрген шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарды ынталандыру инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға және студенттердің жоғары нәтижелеріне алып келетініне сенімдіміз.