«Колледждерде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру»
2024 жылғы 20 ақпанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп, «Колледждерде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.
Мақсаты: Әдістемелік жұмыс жүйесіндегі озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату. Семинарға ШҚО техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінің әдіскерлері қатысты. Онлайн-семинар барысында Өскемен жоғары политехникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, әдіскер ОӘБ төрайымы Е.С. Екимова өз сөзінде ұжыммен жұмыс жасаудың өзара тиімді нысандары туралы баяндама жасады. Өскемен жоғары медициналық колледжінің жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК төрайымы Ғ.А. Оразаева жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. ҚАЕУ жоғары колледжінің оқытушылары М.К. Мухаметкалиева мен Н.Е. Маралбаева арнайы пәндерді оқыту кезінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрлерімен таныстырып,білім беру үрдісіне заманауи білім беру платформаларын енгізу туралы айтып берді. Өскемен құрылыс колледжі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ю.В. Зубкова мен колледж әдіскері М.Н. Орлова баяндамаларында білім беру үрдісінде студенттердің оқуға деген қызығушылықтарын ояту үшін квест-технологияларды қолдану жолдарын көрсетті.
Семинар соңында кері байланыс барысында спикерлер қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап берді.