«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Жаңа әдіскерлерге көмек»
Бүгін, 2023 жылғы 20 қаңтарда әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында директорлардың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен колледж әдіскерлері үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру. Жас әдіскерлерге көмек» облыстық онлайн семинары өткізілді. Семинардың мақсаты - колледждердің әдістемелік қызметтерінің өзара іс-қимылын жетілдіру, бағыттар бойынша әдістемелік қызметті ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу. Семинар барысында Өскемен жоғары политехникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Е. С. Екимованың («Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметтің даму бағыттары мен үрдістері»); Өскемен жоғары медициналық колледжінің әдіскері А. М. Аязбаеваның («Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру нысандары» (тьютордың жетекшілігімен шығармашылық топтардың жұмысы); Өскемен құрылыс колледжінің әдіскері М. Н. Орлованың («Жаңартылған пәндік мазмұн жағдайында кәсіби модульді теориялық оқыту сабағын жоспарлау»); Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің арнайы пәндер оқытушысы Н. В. Кудинованың («Әдістемелік жұмыс бағыттарының бірі колледждер арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру»); Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушылары Ж.Е. Жайлибаеваның, А. Е. Бекшойнованың («Lesson Study сабақты жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде») баяндамалары ұсынылды. Облыстық семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды. Аталған іс-шарамен 32 адам қамтылды.