Өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша курстар
2020 жылғы 07-11 қыркүйек аралығында БҰҰ-ның халық қоныстануы саласындағы UNPFA Kazakhstan қоры және ШҚО КББ орталығының ұйымдастырушылық қолдауымен «Валеология» пәні бойынша 84 оқытушыға арналған «Валеология» пәніне «Жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша күшейтілген компонентті енгізу» тақырыбында әдістемелік-тәжірибелік вебинар өткізілді. Семинарды Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының атқарушы директоры Сисемалиев Раймбек ашып, еліміздегі кәмелетке толмағандар арасындағы репродуктивті денсаулық мәселесіне шолу жасады. Аталған тақырып бойынша әдістемелік құралдың авторлары Любовь Анатольевна Дорожкина және Мира Муратовна Сауранбаева облыс оқытушыларымен 5 күндік қашықтықтан тәжірибелік вебинар өткізді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификат алды.