«ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелерінде орналасқан ТжКББ ұйымдарындағы кәсіптік оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері»
2024 жылғы 9 ақпанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастырумен «ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті №22 мекемесі» РММ жанында орналасқан «№1 Өскемен колледжі» КММ базасында «ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелерінде орналасқан ТжКББ ұйымдарындағы кәсіптік оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері» облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: пенитенциарлық жүйелер колледжд педагог қызметкерлерінің тәжірибесімен алмасуы.
Іс-шараға ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелері жанындағы ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары қатысты.
Семинардың ашылуына «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ білім беру үрдісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Э.Т. Шауменова семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Семинар барысында №1 Өскемен колледжінің директоры Б.Б. Малиев сөз сөйлеп, колледж жұмысының негізгі бағыттары, оқытудың оқу және оқу-өндірістік жұмысты ұйымдастыру және ұжымның әрбір педагог қызметкерінің кәсіби шеберлігін атап өтті.
«№1 Өскемен колледжі» КММ педагог-психологы А. К. Рамазанова, құқық бұзушылықтың негізгі себептерін, құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың белгілері мен ерекшеліктерін ашып, қылмысқа бейім жеке тұлғаның мінез-құлқының алдын алу бойынша психолог жұмысының әдістерімен бөлісті.
«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу-өндірістік практиканы және арнайы пәндер сабақтарын ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен ШҚО ББ Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі мен №1 колледжінің өндірістік оқыту шеберлері бөлісті.
Іс-шара соңында сұрақтарға жауап беріліп, қорытынды шығарылды, және колледждердің жұмысын тиімді жалғастыру үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.