Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының аясында және оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, жеке кәсіби қалыптасуына,  мектеп ұйымының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету, оқушылар және олардың ата-аналарымен сапалы кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ШҚО кәсіпкерлер палатасымен бірлесе, Өскемен қаласының № 9 орта мектебінде кәсіби бағдар сыныбын ашты.

Бүгінгі таңда, Шығыс Қазақстан облысында барлығы 62 кәсіби бағдар беру сыныбы жұмыс істеуде, оның бесеуі Өскемен қаласында.