Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 18 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының жылдық жұмыс жоспары аясында «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ базасында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының жұмысындағы педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында халықаралық қатысумен облыстық педагогикалық оқулар өтті.

Педагогикалық оқулардың мақсаты - әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру аясында колледж оқытушыларының кәсіби тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының колледждерінен және Ресей Федерациясынан, атап айтқанда Омбы облысының кәсіби білім беру ұйымдарынан келген 64 инженерлік-педагогикалық қызметкер қатысты. Ресейлік әріптестердің қатысуы педагогикалық оқулардың халықаралық мәртебесін айқындап, елдер арасындағы кәсіби ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетті.

Секциялық жұмыстар 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Жұмыс барысында оқытушылар дәстүрлі және инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша үздік баяндамалар анықталып, I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Өз тәжірибелерімен бөліскен барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.