Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы 2020 жылғы 22 мамырда педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелерімен таныстыру бойынша аймақтағы колледж әдіскерлеріне арналған облыстық онлайн семинарын өткізді. Кәсіптік білім беру орталығының директоры #AlimaAkylbek семинарды ашып, тыңдаушыларға жаңа тәртіптегі аттестация өткізу тәртібі мен шарттарын түсіндірді, сондай-ақ, Ұлттық біліктілік тестілеуі мен қызметтің қорытындысын кешенді аналитикалық қорытындылау кезеңдеріне тоқталып өтті. Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуге өтінішті онлайн тапсыру рәсімі мәселесі бойынша «USTUDY» өкілі Ерасыл Қадылбекұлы жүргізді. Семинар соңында әдіскерлер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.