Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, облыс тұрғындары!
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 2021-2022 оқу жылдарына арналған жергілікті бюджет есебінен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысына құжат қабылдау басталатынын хабарлайды. Құжаттар қабылдау С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей медициналық университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Қазақстан инновациялық академиясы базаларында 2021 жылдың 16-20 тамыз аралығында, жергілікті уақыт 09:00 – 18:00 дейін қабылданады.