Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 18-19 шілдеде Алматы қаласында Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында «ТжКБ жүйесін дамыту бойынша өңірлердің озық тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Семинарға өңірлердің білім басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты - ТжКББ жүйесін дамытуда үздік  тәжірибені тарату. Тәжірибе алмасу мақсатында Астана, Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының өкілдері баяндама жасады.ШҚО ТжКБ жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы директорының орынбасары Утепова Замзагуль Шаймухамедовна баяндай отырып, тәжірибесімен бөлісті.Республикалық семинардың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.