Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 19 мамырда  ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп, жаратылыстану пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Ғылымдар қиылыстары» облыстық педагогикалық идеялар фестивалін өткізді. Фестивальдің мақсаты - кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін интеграциялау бойынша тәжірибені көрсету үшін алаң құру болды.  Фестиваль жұмысы барысында «Әртүрлі бейіндегі жаратылыстану, жалпы кәсіби және арнайы пәндерді интеграциялау арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру» тәжірибесін жинақтау бойынша баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, «Қатты отын» (Физика, химия, география, математика пәндерін «Мамандыққа кіріспе» пәніне интеграциялау) және «Синтетикалық материалдар» (Химия, биология, география пәндерін «Материалтану» пәніне интеграциялау) тақырыптарында шеберлік сыныптары өткізілді. Іс-шараға қатысушылар кері байланыс сауалнамасын толтырды.