Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 5–9 қазан күндері Ақтау қаласында түркітілдес елдердің өкілдері арасында «TurkicSkills» бірінші кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.
Мақсаты – түркі елдері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және қатысушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
«TurkicSkills» Чемпионатына Қазақстан, Түркия, Түрікменстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Мажарстан елдері қатысты.
Чемпионат аясында Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу шеңберінде ТжКББ ардагерлерінің қатысуымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты рәсім ұйымдастырылды.

Іс-шараға облысымыздан «Риддер колледжі» КМҚК ардагері Беляева О.П. қатысып, техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
«Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ директоры Оспангалиев К.А. «Бизнестің үздік серіктесі» номинациясымен мараптталды.
«Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» жоғары IT колледжінің директоры Солтанбекова Ш.О. және арнайы пән оқытушылары Омартаева А.Е., Казбекова А.Д. чемпионатқа экскурсиялық форматта қатысып, тәжірибе алмасты.