Ресурстық орталықтардың жұмысына халықаралық тәжірибе енгізілмек
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының бастаумен кәсіби -техникалық білім беру саласын дамыту мақсатында ашылған 10 Ресурстық орталықтардың жұмысын жоғары деңгейге көтеру жалғасуда.
Осы қадамның нақты механизімдерінің бірі ретінде Ресурстық орталықтардың мүмкіншілігін арттыруға және Германия мемлекетіндегі ресурстық орталықтардың оң тәжірибесін енгізу жоспарланған. Бұл шараларды жүзеге асыру мақсатында «Бәсекеге қабілетті Қазақстан» Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің және GIZ халықаралық ұйымдарының өкілдері келіп орталықтардың жұмысымен танысты. Аталмыш кездесу қорытындысы бойынша 2016 жылдың 20 қазанында техникалық кәсіби білім беру және қайта даярлау орталығында сарапшылардың қатысуымен ресурстық орталықтардың жұмыстары бойынша кеңес өтті.