ТжКБ жүйесінің «2020 жылдың үздік педагогі» атағы үшін республикалық конкурстың облыстық кезеңіне дайындық
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ТжКБ жүйесінің «Үздік педагог-2020» республикалық конкурсының облыстық кезеңін ұйымдастыру шеңберінде 2020 жылғы 16 маусымда бейнеконференция режимінде жиналыс өткізді. Бейнеконференция жұмысына «Үздік педагог» конкурсының қатысушыларын бағалау бойынша облыстық комиссия мүшелері қатысты. Конкурс Ережесіне сәйкес ШҚО білім басқармасының 2002 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен Білім басқармасының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері, тәжірибелі педагогтер, педагогикалық шеберліктің кәсіби конкурстарының жеңімпаздары, әдістемелік қызметтер, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері қатарынан конкурстың ІІ кезеңінің жеңімпазын анықтау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілді. Жиналыс барысында комиссия мүшелерін конкурстың негізгі ережелерімен, тәртібімен және шарттарымен таныстырды, қатысушыларды бағалау жүйесі бойынша түсініктемелер берілді. Байқауға биылғы жылы конкурстың І кезеңінің 17 педагог-жеңімпаздары қатысады. Байқауға қатысушылар білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктерін, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелерін, соңғы 5 жылдағы білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесін көрсетті. 3 күн ішінде - а. ж. 17,18,19 маусымда комиссия қашықтық режимінде байқауға қатысушылардың материалдарын қарайтын болады. 2010 жылғы 22 маусымда конкурстың қорытындысы шығарылып, республикалық деңгейде үздік педагог атағын алуға мүмкіндік алатын жеңімпаздың есімі белгілі болады. Үнемі стандартты емес педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды іздеуде жүрген шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарды ынталандыру инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға және студенттердің жоғары нәтижелерге жетуіне септігін тигізеді.