Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 23 – 25 қаңтар аралығында «WorldSkills Shygys-2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатына дайындық аясында «Болашақ мамандар» форсайт-семинары өткізілуде.

Семинар жұмысының мақсаты қызмет көрсету саласы, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, өнеркәсіптік өндіріс, құрылыс индустриясы, көлік қызметі, білім саласы бағыттары бойынша халықаралық стандарттарға сай аймақтық чемпионат құзыреттіліктерінің модульдерін әзірлеу.

Құзыреттілік модульдерін әзірлеуге облыс колледждерінің арнайы пән оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлері қатысуда.