Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастап WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатына қатысушыларды сапалы даярлау мақсатында WorldSkills халықаралық стандарттары бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған жетекші колледждердің Құзыреттілік орталықтарында «Энергетика және IT» бағыты бойынша Өскемен жоғары политехникалық колледжінде, «Құрылыс» бағыты бойынша Өскемен құрылыс колледжінде, «Қызмет көрсету саласы» бағыты бойынша Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде және Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінде, «Білім» бағыты бойынша Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде жаттығу жиындарын ұйымдастырды. Бүгінгі таңда 29 құзыреттілік бойынша 31 қатысушы республикалық чемпионатқа дайындық жаттығуынан өтуде. Сондай-ақ, жағымды психологиялық ахуалды сақтау және қатысушылардың күйзеліске төзімділігін арттыру мақсатында республикалық чемпионат қатысушыларымен колледж психологтары жұмыс істеуде. Дайындық нәтижесінде қатысушылардың өзін-өзі бағалауы артып, кәсіби дағдысы мен белсенділігі қалыптасумен бірге тапсырмаларды орындаудағы сапасы артады. Жеңімпаздарға WorldSkills Kazakhstan – 2023 республикалық чемпионатында облысымыздың намысын абыроймен қорғауда сәттілік және жоғары кәсіби жетістіктер тілейміз!