Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазіргі таңда озық инновациялық шешімдері бар мамандардың қалыптасуына, өндірістің дамуына ықпал ететін және өндірісті модернизациялауға қабілетті мамандар даярлау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында, облысымызда Республикалық «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру аясында 4 жетекші колледж базасында заманауи техникамен және құрылғылармен жабдықталған Құзыреттілік орталықтары келесі бағыттар бойынша ашылды: «Энергетика» - Өскемен жоғары политехникалық колледжі, «Ауыл шаруашылығы» - Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі, «Құрылыс» - Өскемен құрылыс колледжі және «Металлургия» - Риддер колледжі. Сонымен қатар, облыстағы ірі кәсіпорындарымен ынтымақтастық аясында «KAZMINERALS» компаниясымен бірлесіп, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі базасында «Тау-кен» бағыты бойынша құзыреттілік орталығы ашылды. Құзыреттілік орталықтарының мақсаты – жаңа әдістер мен технологияларды, WorldSkills стандарттарына негізделген заманауи материалдарды білетін жоғары білікті мамандарды даярлау, бұл еңбек нарығында ең соңғы технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті маман дайындауға мүмкіндік береді. Құзыреттілік орталықтарының ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында облыс әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының тапсырмасымен білім басқармасы басқа колледждердің студенттеріне тәжірибелік сабақтар өткізу бойынша жұмыстар ұйымдастырды. Құзыреттілік орталығы ашылғаннан бері 4472 колледж студенті тәжірибелік оқытудан өтті. Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру басқа колледждердің студенттеріне WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес келетін заманауи жабдықтарда өздерінің кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 2022-2023 оқу жылында 5 Құзыреттілік орталығының базасында облыс бойынша 900 колледж студенттеріне тәжірибелік оқытулар өткізу жоспарлануда. Құзыреттілік орталықтарының ашылуымен облыстың кәсіптік білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысын бастапқы жұмыс дағдыларын игерген сапалы мамандармен барынша қанағаттандыруда. Құзыреттілік орталықтарында өндірістік жабдықтарға ұқсас құрылғыларда студенттердің кәсіби дағдыларын шыңдауы өндірістік процестің атмосферасына толық енуге мүмкіндік береді және колледж түлектерінің кәсіби ортаға бейімделу процесін айтарлықтай жеңілдетуде. Осылайша, Құзыреттілік орталықтарында негізгі мамандықтар бойынша кадрлар даярлау шоғырландырылып, нәтижесінде бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыруға, колледж түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру қызметтерінің сапасын арттыру көзделеді.

https://www.youtube.com/watch?v=o45w8tGMv44