«Арнайы пәндерді оқытуда модульдік-құзыреттілік тәсілді қолдану» облыстық вебинары
2020 жылғы 24 желтоқсанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының басшылығымен онлайн форматта Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі ауыл шаруашылығы бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің «Арнайы пәндерді оқытуда модульдік-құзыреттілік тәсілді қолдану» облыстық вебинарын ұйымдастырып өткізді. Вебинарға ШҚО колледждерінің ауыл шаруашылығы бағытындағы 50 инженер-педагог қызметкері қатысты. Вебинардың мақсаты: білім беру үрдісінде модульдік-құзыреттілік тәсілді қолдану негізінде ауыл шаруашылығы бағытындағы арнайы пәндер оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру және арнайы пәндер оқытушыларының тәжірибе алмасуы. Вебинар барысында ШҚО кәсіптік білім беру орталығының директоры А. Ақылбек облыс колледждерінде модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу жағдайына шолу жасады. Вебинарда Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі педагогтерінің өзекті баяндамалары тыңдалды. Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің әдіскері Н.О. Кауменова вебинар қатысушыларын колледждің білім беру үрдісінде модульдік-құзыреттілік тәсілді қолдану бойынша тәжірибесімен бөлісті. Арнайы пәндер оқытушысы А.С. Кабдуалиева оқытудағы модульдік-құзыреттілік тәсілде жоспарлау құжаттамасын жасау үлгісін көрсетті. Арнайы пәндер оқытушысы Ш.М. Манарбек «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «Ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету операцияларын орындау» модулі шеңберінде сабақ көрсетті.