«Жас маман» жобасына қатысушы колледждерінің мониторингі
Ағымдағы жылдың 16 қарашасынан «TALAP» КеАҚ өкілімен Шығыс Қазақстан облысының «Жас маман» жобасына қатысушы колледждердің Құзыреттілік орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізу басталды. Аталған жұмыстың мақсаты «Жас маман» жобасына қатысушы 10 колледждің 2020-2021 жылдары жоба аясында сатып алынған құрал-жабдықтардың орналасуы, іске қосылуы және ТжКБ ұйымдары білім алушыларының оқу барысында пайдалануына мониторинг жүргізу. Сонымен қатар, шетелдік серіктестің бағдарламалары негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізуін мониторингілеу болып табылады.