Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2021 жылғы 18 қарашада «Жас маман» жобасы қатысушы колледждердің 2020-2021 жылдары сатып алынған құрал-жабдықтардың орналасу, іске қосылуына және ТжКБ ұйымдары білім алушыларының оқу барысында пайдалануына,  сондай-ақ, шетелдік серіктестің бағдарламалары негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізілуіне мониторинг жүргізу мақсатында «TALAP» КеАҚ өкілімен Шығыс Қазақстан облысының «Жас маман» жобасына қатысушы колледждердің Құзыреттілік орталықтарына бару өз жалғасын тапты. Бүгін Семей қаласының Электротехника колледжі, Көлік колледжі, Құрылыс колледжі, Бизнес және сервис колледжі, Радиотехника және байланыс колледжі, Геологиялық барлау колледжінің Құзыреттілік орталықтарының жұмысымен таныстыру өткізілгенін атап өткен жөн. Аталған орталықтар үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибеге, соның ішінде WorldSkills стандарттарына сай еңбек нарығына аса қажетті кадрларды дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Жоба іске асқан колледждерде WorldSkills чемпионатына қатысушыларды даярлайтын оқу-жаттығу жиындары да өткізіледі.