Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде білім басқармасы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің базасында кәсіпорындардың қаражаты есебінен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыты бойынша  құзыреттілік орталығын құру мақсатында әлеуметтік серіктестермен кездесу өткізді.

Кездесуге колледждің әлеуметтік серіктестері және тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу отырысы барысында кәсіпорындар қаражаты есебінен «Аспаздық іс», «Наубайхана шеберлігі», «Кондитерлік іс» және «Мейрамхана сервисі» бағыттары бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзыреттілік орталығын құру туралы сонымен қатар, Орталықты қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандыру және алдағы уақытта білікті маман даярлауда бірлесе жұмыс атқару мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, білікті мамандар даярлауда  әлеуметтік серіктестердің тарапынан бірқатар ұсыныстар  жасалды. 

Кездесудің соңында колледж әкімшілігі әлеуметтік серіктестердің ұсыныстары бойынша оқу бағдарламаларын бірлесе құрастыратындығы туралы келісілді.