Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру
Аманат партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында 13-15 тамыз аралығында колледж директорларының орынбасарларына оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарында жаттықтырушы Ж.Б. Шегиров заманымыздың негізгі тенденциялары мен сын-қатерлері, жастардың қаржылық сауаттылығын дамытуға арналған оқыту бағдарламасын ұсынды.