Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің команданың күш-жігері мен үміттері тағы да ақталды! Біз еліміздің түрлі өңірлерінен келген үздік шеберлермен тең дәрежеде бәсекелесе алатынымызды және табысқа қол жеткізе алатынымызды, алға қарай қадам басатынымызды кезекті рет дәлелдедік! Беделді байқау, лайықты марапаттар, қуаныштың көз жасы және көптен күткен жеңімпаздардың есімдері – осының барлығы Worldskills Kazakhstan VI республикалық чемпионатының эмоциялық аяқталуы. Керемет күш-жігердің, әрине, жеңіске деген үміт пен сенімнің толқулы күндері артта қалды. «WorldSkills Kazakhstan 2021» - VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты 1 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында 71 құзыреттілік бойынша еліміздің 17 өңірінен 450-ден астам жас маманның қатысуымен өткізілді. Байқауға қатысушыларды Қазақстанның барлық өңірінен 500-ге жуық сарапшы бағалады.Чемпионат 6 құзыреттілік бойынша біздің облысымыздың Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждер базасында сәтті өтті. Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ, басқа да мүдделі тараптар қатысты. Чемпионат қатысушылары өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге, ұмытылмас жарыс күндерін есте сақтап, орасан баға жетпес тәжірибе  алып,  облыстың әр түкпірінен келген көптеген достарға ие болды. Жеңімпаздарымызды табандылық пен жеңіске деген ерік-жігері үшін құттықтаймыз! Әрине, мұндай маңызды оқиға әр қатысушының жадында қалары сөзсіз. Өйткені, біздің қоржынымыздағы 50 құзыреттіліктің ішінде 25 құзыреттілік бойынша жоғары марапаттар бар, оның ішінде 13 жоғары сынамалы марапат, 5 күміс, 9 қола, сонымен қатар, орташа балдан жоғары жетістіктері үшін тағы 20 медальон нәтижесі бізді бірінші жалпыкомандалық І орынға шығарды! Мұнда тек өңірдің ғана емес, бүкіл елдің тарихына алтын әріптермен енген, сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз ісінің үздік шеберлері - шығысқазақстандықтардың есімдері берілген:

Жоғары дәрежелі наградалармен марапатталды:

Ткачманова Евгения Евгеньевна, «Бизнеске арналған IT шешімдер» құзыреттілігі бойынша, Өскемен экономика-қаржы колледжінің студенті;

Сарсембаев Диас Болатбекұлы, «Кірпішпен қалау» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті;

Гулида Кристина Михайловна, «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;

Зиядабек Досхан Санақбекұлы, «Электроника» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Ануарбеков Мерей Бауржанович, «Визуальды мерчандайзинг» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;

Нурикенов Ерасыл АйбековичҚұрманбеков Ернияз Дайынбекұлы«Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенттері;

Бөкен Қуаныш Дәуренұлы, «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігі бойынша, Радиотехника және байланыс колледжінің студенті;

Әскерханов Әли Абайханұлы, «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;

Ерболатулы Мирас, «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Қанат Өмірбек, «Өндірістік автоматика» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенті;

Қоржынымыздағы күміс медаль:

Дәукенов Ерлік Ерікұлы, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Оспанов Адиль НурлыбековичКолодкина Алина Константиновна «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша, Электротехника колледжі студенттері;

Бекбосынов Кайырбек Жумабекович, «Ғаламтор заттары» құзыреттілігі бойынша, Радиотехника және байланыс колледжінің студенті;

Шотанова Назерке Асхатқызы, «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті;

Казанцев Егор Алексеевич, «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Молдабаева Диляра Нурлановна, «Зертханалық және химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша, «KazMinerals Актогай» қызметкері;

Қола жеңіп алғандар:

Серікқызы Күнім, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;

Жақсыбаева Аружан Жасұланқызы, «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті;

Апакова Вера Ильинична, «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша, Бизнес және сервис колледжінің студенті;

Мухортов Никита Александрович, «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», құзыреттілігі бойынша, Радиотехника және байланыс колледжінің студенті;

Портнова Юлия Денисовна, «Бояу және әрлеу жұмыстары» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті;

Орлов Иван Сергеевич, «Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Құрылыс колледжінің студенті;

Мищенко Елена Никоноровна, «Флористика» құзыреттілігі бойынша,  Бесқарағай колледжінің студенті;

Амирбек Қыдырәлі Берікұлы«Ветеринария» құзыреттілігі бойынша, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің студенті;

Аманғалиев Аман Дәулетұлы«Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша, Семей қаласының Көлік колледжі студенті.

Жеңімпаздар келесі жылы Шанхай қаласында (Қытай) өтетін WorldSkills Competition кәсіби шеберлігі бойынша 46-шы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Қатысушыларға және олардың тәлімгерлеріне тағы да шынайы құттықтауымызды білдіреміз!