Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер арасында өткен «Abilympics-2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті!

Өскемен технология және сервис колледжінің студенттері Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғап, келесі құзыреттіліктер бойынша үш қола медаль иеленді:
 Дмитриева Елизавета - Мәтінмен жұмыс
 Кожикова Сабина - Шаштараз өнері
 Тоқтағанова Аяулым - Киім тігу

Бұл жарқын жетістік студенттердің табанды еңбегінің, кәсібилігі мен мақсаткерлігінің, сондай-ақ колледж ұстаздары мен тәлімгерлерінің зор қолдауының нәтижесі болып табылады.

Сіздермен мақтанамыз және жаңа жеңістер тілейміз!