Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Беделді байқау, лайықты марапаттар, қуаныштың көз жасы және көптен күткен жеңімпаздардың есімдері – осының барлығы Worldskills Kazakhstan республикалық чемпионатының эмоциялық аяқталуы. Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының базасында ағымдағы жылдың 4-11 желтоқсан аралығында WorldSkills Kazakhstan 2022 Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізілді. Аталған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 30 негізгі құзырет бойынша 500-ден астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар қатысты. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сараптамалық қоғамдастық пен бизнес өкілдері бағалады.

Біздің құраманың қоржынында 3 құзыреттілік бойынша 4 күміс медаль,  сонымен қатар, орташа балдан жоғары жетістіктері үшін 5 медальон бар.

Міне, өз ісінің үздік шеберлерінің есімдері:

Киреев Евгений Васильевич, Муратбеков Бекзат Русланулы «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері;

Калиакпаров Шахназар Калтайулы, «Электроника» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Ержанов Мадияр Ержанович, «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша, Өскемен көпсалалы технология колледжінің студенті.

Үздік маман атанған қатысушылар:

Семенов Александр Максимович, «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзыреттілігі бойынша, Риддер аграрлық техникалық колледжінің студенті;

Бидахметова Балжан Ерланқызы, «Мектепке дейінгі білім беру» құзыреттілігі бойынша, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті;

Бочаров Сергей, «Электрмонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

Кадылбекова Амина Тимуровна, «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша, Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің жоғарғы колледжінің студенті;

Махабекова Айгерім Нұрланқызы, «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша, Құмаш Нұрғалиев атыңдағы жоғары колледжінің студенті.

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді чемпионаттың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Баршаға табыс пен жетістік тілейміз!