Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрметті әріптестер, техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметкерлері! Сіздер 80 жыл бойы қажымай қызмет атқарып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау мен қайта құру жолында аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы - өз ісін мұқият орындайтын, жауапты адамдардың арқасында дамуда. Осы айтулы күні ерекше тебіреніспен және құрметпен техникалық және кәсіптік білім берудегі ардагер ұстаздарды және педагогтерді құттықтаймын!  Қажырлы еңбектеріңіздің арқасында Сіздердің түлектеріңіз еліміздің дамуына белсенді үлес қосып, түрлі салада қызмет атқарып келеді. Қоғам қайраткерлері, жазушылар, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары, әлемнің және еліміздің спортшы-чемпиондары, өнер қайраткерлері - түрлі фестивальдардың лауреаттары және көптеген басқа да мамандықтардың өкілдері Сіздердің таусылмас еңбектеріңіздің жемісі, - деп мақтанышпен айтамыз. Құрметті еңбек ардагерлері, қадірлі ұстаздар! ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының ұжымы Сіздерді кәсіби мейрамдарыңызбен құттықтап, таусылмас күш-қуат пен педагогикалық шеберлік тілейді!