Жеңіспен құттықтаймыз!
IX EuroSkills Herning 2025 Еуропалық чемпионаты өз мәресіне жетті — бұл техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі. Чемпионат 9–13 қыркүйек аралығында Данияның Хернинг қаласында өтті. Оған 32 елден 597 қатысушы қатысты.
Қазақстанның ұлттық құрамасы 25 құзыреттілік бойынша сынға түсіп, құрамында 28 қатысушы болды. Байқау қорытындысы бойынша құрама команда 7 «Medallion for Excellence» медальонын жеңіп алды, соның бірі — «Мехатроника» командалық құзыреттілігі бойынша. Бұл марапатты Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Артём Мочинский мен ASTANA POLYTECHNIC Жоғары колледжінің студенті Данил Турапин иеленді.
Қатысушылар кәсіби дағдылар мен халықаралық деңгейдегі дайындықты, сондай-ақ жоғары командалық үйлесімділікті көрсете білді.








