Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде және облыс әкімінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 1/412 хаттамалық шешімін орындау мақсатында ағымдағы жылғы 21 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы жетекші колледждердің құзыреттілік орталықтарында колледж студенттеріне WorldSkills стандарттары бойынша практикалық оқыту ұйымдастырып өткізді. Ағымдағы жылы практикалық оқыту дәстүрлі емес форматта өтті. 142 қатысушылары заманауи жабдықтарда оқытудан ғана емес, 36 құзыреттілік бойынша кәсіби дағдыларын көрсету мүмкіндігіне ие болды. Практикалық оқыту соңында кәсіби құзыреттіліктердің ең жақсы көрсеткіштері бар колледждерге рейтингі жасалды. Ең жоғары жетістікті  10 құзыреттілік бойынша  «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК студенттері көрсетсе, келесі орынды «Құрылыс колледжі» КМҚК 8 құзыреттілік бойынша иеленді, сондай-ақ «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК студенттерінің 12 құзыреттілік бойынша жоғары көрсеткішке жеткендігін айтып өтуге болады.