Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсы
2022 жылғы 20-21 қазан аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) 1 кезеңі басталады. Конкурсты ұйымдастырушылар: ШҚО білім басқармасы, ШҚО кәсіптік білім беру орталығы, Өскемен жоғары политехникалық колледжі. Конкурстың мақсаты - дарынды арнайы пәндер оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, оларды қолдау және көтермелеу, кәсіби және педагогикалық шеберліктерін арттыру; инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату. Конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен ТжКОБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысады: Қарағанды машина жасау колледжі, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар техникалық сервис колледжі, Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі, Жоғары түсті металлургия колледжі (Павлодар қ.), Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.), Жоғары техникалық колледжі (Щучинск қ.), Атырау индустриалды колледжі, Атырау энергетика және құрылыс колледжі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі.
Конкурстың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!