Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 ШҚО КББ орталығы ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттерін жазғы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру аясында белсенді, мазмұнды демалыс және еңбек дағдылары арқылы заманауи өмір жағдайларына бейімдеу мақсатында ағымдағы жылдың 1-10 шілдесі аралығында Үржар және Шемонаиха колледждерінің базасында жетім балалар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына еңбек және демалыс лагерін өткізуді жоспарлайды. Еңбек және демалыс лагеріне 30 студентті қамту жоспарланған.