Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өтетін уақыты: 2021 жылдың 08 және 30 қараша аралығында

Өтетін орны: қала/аудан мектептері  

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы».

Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы мектептердің 8-11 сынып оқушыларына білім беру, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы, медицина т.б. бағыттар бойынша толық ақпарат беру мақсатында «СтартПрофи - Shygys» стенд-моб диалог алаңын өткізуді жоспарлап отыр. Стенд-моб жұмысы аймағымыздың 50-ден астам колледжің өкілдері мен 482 мектептің 6000-нан астам оқушыларын қамтиды.

Іс-шараның мақсаты-оқушылардың кәсіби маңызды қасиеттерін анықтау, идеологиялық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, оқушылардың қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту.

Қосымша ақпарат бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет: 8/7232/700-983, 87781162779, 87054998729 («ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы» КММ).