Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 17 мен 19 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің Құзыреттілік орталығының базасында WorldSkills қозғалысы аясында ауыл шаруашылығы саласы колледждерінің студенттері мен колледж түлектерінің арасында «Ветеринария», «Астық және оны өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі» бойынша үш құзыреттіліктен AgroSkills Shygys – 2023 кәсіби шеберлік аймақтық чемпионаты өтеді.  Көлемді модульдерді орындау кезінде қатысушылар теориялық және практикалық дайындықты көрсетеді. Сондай-ақ, чемпионат сарапшылары мамандық бойынша үздіктерді анықтай алады. Чемпионатқа қатысушылардың жұмысын бағалау үшін сарапшылар ретінде кәсіпорындардың жетекші мамандары, өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлері тартылды. Аймақтық чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі а.ж. 17 мамырында Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінің базасында өткізіледі.