Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

WorldSkills Shygys жыл сайын чемпионатқа қатысушылардың кәсіби дағдыларының құндылығын көрсету арқылы жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін көтеру және арттыру мақсатында өткізіледі.

Білім басқармасы аймақтық кәсіпорындарымен бірлесіп ағымдағы жылдың 10-14 маусымы аралығында Өскемен қаласындағы құзырет орталықтарының, жетекші колледждердің және 1 жоғары оқу орнының базасында 140-қа жуық студент, колледж түлектері және 22 жасқа дейінгі жұмысшы жастардың қатысуымен 33 құзыреттілік бойынша WorldSkills Shygys 2024 және AgroSkills Shygys 2024 аймақтық чемпионаты басталады.

Чемпионатқа қатысушылардың жұмысын бағалау үшін сарапшылар ретінде кәсіпорындардың жетекші мамандары, колледждердін өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлері тартылды.

Бұл чемпионат жас мамандардын кәсіби дағдыларын дамытуға, еңбек нарығында үздік және сұранысқа ие болу мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.

Студенттер үш күн бойы өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсететін болады, ал сарапшылар барлық тапсырмалардың орындалу сапасын бақылайды және бағалайды.

Аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan 2024» республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болады.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына толағай табыс пен жеңіс тілейміз.