Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 8-9 қараша аралығында ШҚО білім басқармасымен, ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен Семей қаласының Электротехникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында инженерлік сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының 2 кезеңі өткізіледі. Конкурсқа  еліміздің ТжКБ ұйымдарынан 13 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысады. Атап айтқанда, Түсті металлургия Жоғары колледжі (Павлодар қ.), Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.), Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі, Есенов Колледжі (Ақтау қ.), Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Семей қаласының Көлік колледжі, Электротехника колледжі және Шығыс Қазақстан технология колледжі.

Конкурстың мақсаты:

- дарынды арнайы пәндер оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, оларды қолдау және көтермелеу, кәсіби және педагогикалық шеберліктерін арттыру.

Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаз (Бас жүлде), жүлдегерлер (1, 2 және 3 орын) және номинация иегерлері анықталады:

  • «Графикалық дизайндағы үздік сызба»;
  • «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі»;
  • «Өнеркәсіп машиналары жабдықтарының үздік жөндеушісі».

         Қорытындылар ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының сайттарында және әлеуметтік желі парақшаларында орналастырылады.