Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысында 2024-2025 оқу жылына колледждерге түсу үшін құжаттарды қабылдау мәселесі бойынша талапкерлер мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру мақсатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақылбек Алима Ақылбекқызы колледж директорларының қатысуымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында Алима Ақылбекқызы 25 маусымнан бастап биылғы оқу жылына құжаттарды қабылдау vko-abiturient.kz ақпараттық жүйесі арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің (колледждің) кеңсесі арқылы жүргізілетіндігі туралы айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша 1 шілдеден бастап e-gov.kz (ЭЦҚ арқылы қол қойылып) порталы арқылы қосымша қабылдау жүзеге асылатындығын ескертті.

Құжаттарды қабылдау үшін барлық колледждерде қабылдау комиссиялары 25 маусымнан бастап күнделікті сағат 9:00 ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00 – 14:00) жүзеге асырылатын болады.