Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2025 жылғы 19 ақпан мен 20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 27943 әскери бөлімінің әскер қатарындағы азаматтары үшін кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізуде.

Аталған шараға басқа өңірлерден Шығыс Қазақстан облысында азаматтық борышын өтеп жатқан және техникалық немесе кәсіптік білімі жоқ, сондай-ақ колледждерде білім алуға ниет еткен азаматтар қатысуда.

Бүгін әскер қатарындағы азаматтармен кездесуді алғашқы болып ұйымдастырған оқу орындарының бірі – Өскемен жоғары политехникалық колледжі. Кездесу экскурсия, тренинг және квест форматында өтті. Іс-шараға білім басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, кәсіпорындар- әлеуметтік серіктестер, ҚР Қорғаныс министрлігінің «27943 әскери бөлімі» РММ өкілдері, әскер қатарындағы азаматтар қатысты.

Әскер қатарындағы азаматтар білім беру бағдарламалары, гранттар, құжаттарды тапсыру мерзімдері мен колледждерге қабылдау шарттары, сондай-ақ оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылып отырған кәсіби бағдар жұмыстары Өскемен қаласындағы барлық колледждердің базасында жалғастырылатын болады.