Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастырумен бүгінгі таңда 54 колледж жалпы білім беретін  мектептердің 9-11 сынып түлектерімен және жұмыссыз жастарымен тікелей эфирде (instagram) «СтартПрофи-Shygys» стенд-моб онлайн-кездесулерін өткізіп, 11500-ден астам адамды қамтыды. Талапкерлер өздерін толғандырған сауалнамаларға жауап алып,  бүгінгі таңда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті сан алуан мамандықтардың басты артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы пайдалы ақпарат алды. Аталған іс-шара кесте бойынша оқу орындарының әлеуметтік парақшаларында (instagram және facebook парақшаларында) жалғасын табады.