«Стенд-моб» мобильді тобы өз жұмысын жалғастыруда
Аймақтағы 8-11 сынып оқушылары мен жұмыспен қамтылмаған жастар арасында жұмысшы мамандығын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының аудандарында «Стенд-моб» мобильді тобы өз жұмысын белсенді қарқынмен атқаруда. Бастапқыда хабарланғандай, мобильді топ облыс колледждерінің біліктілігі жоғары өкілдерінен құрылған. Кәсіптік бағдар беру жұмысы Зырян қаласы, Катон-Қарағай ауданында жүргізілуде. Мобильді топтың ерекше форматта жүргізілген жұмысы 41 мектептің 294 оқушысы, 54 жастар, ата-аналар және мектеп өкілдерін қызықтырды. Кәсіптік бағдар беру жұмысының бұл түрі 2016 жылдың 26 қазанында Көкпекті ауданында өткізу көзделіп отыр. Бүгінгі таңда мобильді топтың жұмысы аясында 91 мектептің 1358 оқушысы, 100 аса жұмыспен қамтылмаған жастар және 210 ата-ана қамтылған.