Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының колледж өкілдері «Серпін» жобасы аясында Қызылорда облысында кәсіби бағдар беру жұмыстарын бастады.

Жобаның мақсаты - мектеп оқушыларына сұранысқа ие және болашағы бар мамандықтар, ШҚО колледждеріне оқуға түсу және оқу шарттары туралы айтып беру, сондай-ақ олардың саналы кәсіби таңдау жасауына көмектесу.

Сапар барысында колледж өкілдері Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарындағы мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізеді.Колледждердің кәсіби бағдар берушілері оқу бағдарламалары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы баяндап, оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

«Серпін» жобасы Шығыс Қазақстан облысының колледждерінде сапалы білім алуға мүмкіндік бере отырып, еңбегі артық өңірлердегі жастардың оқу мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды рөл атқарады.