«Серпін» жобасы оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады
2025 жылдың 19 мамыры мен 3 маусымы аралығында «Серпін» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының колледждері Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі мектеп түлектері үшін ауқымды кәсіби бағдар беру шараларын өткізді.
Іс-шараларға Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының мектеп оқушылары мен түлектері қатысты. Жалпы қатысқан оқушылар саны 3000-нан асты.
Жоба жастарға Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарымен танысуға, сұранысқа ие мамандықтар, оқуға түсу шарттары және еңбекке орналасу перспективалары туралы білуге ерекше мүмкіндік берді.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында колледж өкілдері танымдық презентациялар өткізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді, үлестірмелі материалдар мен ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесулер мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал ететін жанды әрі қызықты форматта өтті.