«Серпін» жобасы Жамбыл облысында жалғасын табуда
«Серпін» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының колледж өкілдері Жамбыл облысында кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізуде. Аталған жобаға облыстың Жуалы, Байзақ және Жамбыл аудандарынының 500-ден астам мектеп бітіруші түлектері қатысты.
Кездесулер барысында оқушыларға оқуға түсу талаптары, білім беру бағдарламалары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Кәсіби бағдар берушілер мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, оқушылардың өз болашағын саналы түрде жоспарлауына ықпал етті.
«Серпін» – жастардың сапалы білім алып, болашағын еліміздің түрлі өңірлерінде құруына мүмкіндік беретін маңызды жоба.