Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2025 жылғы 23 сәуірде, Шығыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңір әкімі бекіткен іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «My PRO» облыстық мамандықтар фестивалі өтуде.

Фестивальдің ашылуында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ақылбек құттықтау сөз сөйлеп, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттаудың маңыздылығын және мектеп оқушыларының болашақ мамандықты саналы түрде таңдауындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының рөлін атап өтті.

Салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастыруға Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы қолдау көрсетті, ал Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің би ұжымы музыкалық нөмірімен шараның мазмұнын толықтырды.

Бұл ауқымды шара Өскемен қаласынан 1000-нан астам мектеп оқушыларын және өңір колледждерінің өкілдерін біріктірді. Күні бойы қатысушылар квест-ойындарға, викториналарға, шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби диагностикадан өтті, сұранысқа ие мамандықтармен танысты және колледжге түсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.