Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

    Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ағымдағы жылғы 4-6 қараша аралығында колледж өкілдері мектептердің 9-11 сынып түлектеріне тікелей эфирде (instagram) «СтартПрофи - Shygys» стенд-моб онлайн-кездесуін өткізіп, барлығы 2500 астам адамды қамтыды. Қатысушылар оқу орындарындағы оқыту ерекшеліктері мен қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттармен танысып, сұрақтарға толық жауап алу мүмкіндігіне ие болуда. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалап, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті маман болу тек өз қолыңызда!