Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сонымен, бүгін онлайн кәсіптік бағдар беру жұмысының екінші күні аяқталды. Геологиялық барлау колледжі және М. Әуезов атындағы педогогикалық колледжінің өкілдері мектептердің 9-11 сынып түлектерімен және жұмыссыз жастарымен тікелей эфирде (instagram) онлайн-кездесу өткізді. Талапкерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматы бойынша екі күнде барлығы 400-ден астам адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Сіздер М. Төлебаев атындағы музыка училищесі (https://instagram.com/muz_uch_semey) мен Электротехника колледжімен таныса аласыздар (https://instagram.com/eko_semey). Тікелей эфирге қосылу арқылы толық ақпарат алуларыңызға болады!