Жаңа форматтағы онлайн кәсіптік бағдар беру жұмысы жалғасуда
2020 жылғы 21 мамыр - 12 маусым аралығында әлеуметтік желілерде жаңа форматтағы кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Осы кезеңде 54 колледждегі 9-11 сыныптардың 7000-ден астам түлектерімен және жұмыспен қамтылмаған жастарымен ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Жастар ТжКБ жүйесі оқу орындарындағы сұранысқа қажетті мамандықтарды оқыту ерекшеліктерімен және қажетті ақпараттармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 19 маусымына дейін жалғасады. Кәсіпті дұрыс таңдау арқылы, еліміздің өркендеуіне өз үлесіңізді қосып, мүмкіндікке ие болу тек Сіздердің қолдарыңызда!