Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.Жоғары сыныпта оқитын әрбір оқушы көп салалы мамандықтар арасынан өзінің болашақ мамандығына таңдау жасау керек. Осы орайда, білім басқармасы тарапынан мектеп оқушыларының «Мамандықты қалай таңдауға болады? Біз ол мамандықтар туралы білеміз бе? Мамандық таңдауда нені бағдарға алуымыз керек? Мектеп бітіргеннен кейін кім боламын?» - деген сұрақтарына толық ақпарат беретін «My PRO» мамандықтар фестивалі ұйымдастырылып отыр. Аталған іс-шара 2023 жылдың 13-14 сәуірі күні Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің базасында өтеді. Фестивальға Өскемен қаласындағы мектептердің 2000-ға жуық оқушылары қатысады. «My PRO» мамандықтар фестивалінде мектеп оқушылары мамандықтар туралы толық мағлұматтар алып, шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби диагностикадан өтетін болады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары колледж өмірімен де толықтай таныса алады. Бұл шараның нәтижесі - оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылықтарын арттыру арқылы мамандық таңдауға дұрыс бағыт бағдар беру. Әрбір азаматының таңдаған мамандығы аймағымыздың экономикасын əлемдік нарыққа көтеруге əсерін тигізері сөзсіз.