Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы аймақтық колледждер мен жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен, ағымдағы жылдың 2 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында  2020-2021 оқу жылының 9-11 сынып түлектері  мен жұмыссыз жастарды кәсіптік бағдарлау мақсатында тікелей эфирде (instagram және facebook) стенд-моб «СтартПрофи-Shygys» онлайн-кездесулерін өткізді. Аталған онлайн-кездесуде кәсіптік бағдар беру жұмысына  облысымыздың  74 оқу орны қатысып (оның ішінде 67 колледж, 7 жоғары оқу орны), қала және аудан мектептерінің 13000-нан астам оқушылары мен жұмыссыз жастарын қамтыды. Кездесу өте әсерлі өтіп, жастар таңдаған мамандықтарына байланысты туындаған сұрақтарға және өздерін қызықтырып жүрген сауалдарына толық жауап алды. Кәсіптік бағыт — бағдар олардың алдағы болашағына әсерін тигізетініне сенімдіміз.  Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалап, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті маман болу тек өз қолыңызда!