«Мамандыққа апарар жол кәсіпорынмен танысудан басталады»
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 21 мамырында ШҚО білім басқармасы «Казцинк» ЖШС-мен бірлесе отырып, Өскемен қаласының №48 мектеп-қосымша білім беру орталығы оқушыларына Ашық есік күнін өткізді.
Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтардың мәртебесі мен беделін арттыру, еңбек өнімділігін жақсартуға қолдау көрсету, оған жастардың назарын тарту және оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.
Мұражайда өткізілген экскурсия оқушыларға кәсіпорынның құрылу тарихы мен оның өңір экономикасының дамуына қосқан үлесі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Оқушылардың пікірінше, экскурсия жаңа мәліметтерге толы әрі өте қызықты болды. «Казцинк» ЖШС студенттер мен мектеп оқушыларына үнемі экскурсиялар ұйымдастырып отырады. Шара барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерінің еңбектегі озық тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа жетудегі қиындықтар мен кәсіби даму жолдары туралы айтып берді. Оқушылар кәсіпорын жұмысшыларына болашақ маманның қалыптасуындағы алғашқы қадамдар мен дағдылар жайлы сұрақтарына толық жауаптар ала алды.
Осындай кездесулер жастарды жігерлендіріп, жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырады.
.