Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшелерімен кездесу
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшелерімен кездесу
Бүгін, 2025 жылғы 18 сәуірде Өскемен политехникалық колледжі базасында ШҚО әкімінің орынбасары Б. К. Байахметовтың төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының басшылары, колледждердің әлеуметтік әріптестері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшелерімен жұмысшы мамандықтар жылына арналған кездесу өтті.
Сенаторлар кеңесінің мүшелері колледжде «Энергетика» бағыты бойынша құзыреттілік орталығымен, IT-орталықпен, колледждің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты, студенттермен әңгімелесті.
Колледж директорларымен және жұмыс берушілермен кездесуде жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының ТжКБ жүйесін дамыту, колледждердің облыс кәсіпорындарымен стратегиялық әріптестігі, облыстың энергетикалық және коммуналдық секторларын дамыту мәселелері айтылды.
Сондай-ақ, колледж директорлары өзекті проблемалары мен ұсыныстарын айтты.
Сенаторлар кеңесінің мүшелері облыста білікті кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары бағаларын берді.